Астаналық полицей Нұралы Тәңірбергенов Россия-1 телеарнасынан шығатын, ресейлік тележүргізуші Андрей Малаховтың «Сегодня вечером» бағдарламасының қонағы болып қайтты, деп хабарлайды turkystan.kz ztb_kz-ке сілтеме жасап.
Ол бағдарламада әйгілі «Modern Talking» тобының «Cheri, Cheri Lady» әнін айтып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Оның дәл осы әнді орындаған видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралған болатын.
«Мен Instagram-да блог жүргіземін. Онда құқықбұзушылық профилактикасы туралы қозғап, өмірімнің кейбір сәттерін саламын. Түскі ас кезінде ән айтқанымды түсірген видеом 2 млн қаралым жинаған», – дейді тәртіп сақшысы.
Бірде оның демалыс кезінде түсірген видеосын жүктеген. Дәл осы видео ресейлік қолданушыларға ұнап, көпшілік оның даусына таңырқаған айтып, жылы лебіз білдірген. Екі аптадан соң ресейлік бағдарламаға шақыру алған.
«Басында сенбедім. Алаяқтар деп ойладым. Қазір бәрі де мүмкін ғой. Бірақ сосын ресми хат жіберіп, барып-келуіме билет жолдады. Бәрін өздері ұйымдастырды. Сол кезде бәрінің шынайы екенін түсіндім», – дейді ол.
Оның айтуынша, бастапқыда басшылығы таңғалған, сосын оның бастамасына қолдау білдірген.
«Зал ду қол шапалақтағанда өзімді супержұлдыз сезіндім. Әлбетте, сәл уайымдадым, басқа ел, басқа адамдар. А мен қарапайым қазақтілді жігітпін», – дейді ол.