«Күйеулерін бөлісу керек»: Нағима Есқалиева көпшіліктің сынына қалды

/
«Күйеулерін бөлісу керек»: Нағима Есқалиева көпшіліктің сынына қалды
instagram

Белгілі әнші Нағима Есқалиева әлеуметтік желіде тараған әзілі елге жақпай қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол күйеулерін меншіктеп алатын келіншектерді сынады.

«Мен бұл мәселені парламентте көтергім келеді. Әйелдер өздерінің күйеулерін бөлісуі керек. 43 жыл бойы бір адамды меншіктеп алып, ұйықтау масқара ғой», – деді ол.

Желі қолданушылары әншінің бұл әзілін сәтсіз деп бағалады.

«Өз күйеуі жалықтырған ба әлде өзгенікін керек болып жүр ме?!», «Алжығанның белгісі», «Тек осындай әңгімелер айта ма?», «Қалжыңдап тұр ғой», «Миы орнында ма?», «Біздегі біртүрлі заңдар осындай әңгімелерден кейін шығады», – деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары