Денсаулыққа ауыр зиян келтірген азамат Ресейден экстрадицияланды

/
Денсаулыққа ауыр зиян келтірген азамат Ресейден экстрадицияланды
istockphoto.com

Риддер тұрғыны 2023 жылы ішімдік ішіп, жәбірленушімен жанжалдасып, өзінің пышағын алып, жәбірленушінің басы мен денесіне бірнеше рет сұққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалған.

Сот үкімімен ол бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталып, алайда өзіне жүктелген міндеттерді орындамай, қылмыстық жазасын өтеуден жалтаруына байланысты халықаралық іздеу салынған.

Өткен жылдың қыркүйегінде іздестірудегі Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Енді ол екі жылдан астам мерзімге нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтеуі керек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары