Қостанай тұрғыны үйінде қарасора өсірген

/
Қостанай тұрғыны үйінде қарасора өсірген
polisia.kz

Қостанайда үйінде қарасора өсірген тұрғынның заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 44 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде тұрғынның ауласынан бес түп қарасора мен 3,56 грамм марихуана табылып, заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қостанай облысының полиция департаменті азаматтарды есірткімен байланысты заңсыз әрекеттерден аулақ болуға және мұндай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады. Аймақта есірткі қылмыстарын анықтау және алдын алу бағытында жоспарлы жұмыстар жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары