Былтыр Жезқазғанға 30 мыңнан астам турист келген.
Биыл жөнделетін Жезқазған әуежайында ақпараттық алаңды ұйымдастыру жұмыстары басталды, қазір әуежайда туристерге арналған карталар ілінген, жақында цифрлық экран мен мониторлар орнатылады.
2024 жылы қонақүйлер 698 млн теңге табыс тапты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. Облыста қонақ үйлер саны артты, қазір олардың саны 28 жетті.
Өткен жылы өңірге 31 мыңнан астам турист, оның ішінде 1044 шетелдік келді.
«Жошы Хан» тарихи-мәдени кешеніне 11 215 адам келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1215 келушіге көп.
Облыс аумағында барлығы 360 ескерткіш, оның ішінде республикалық маңызы бар 12 ескерткіш орналасқан.
Биыл жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрайтын тағы 3 қонақ үй - оның екеуі Жезқазғанда (1,5 млрд теңге) және 80 орынға шақталған бір қонақ үй Жаңаарқа ауданында (400 млн теңге) пайдалануға берілмек.