«Қатты нөсер, бұршақ»: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

/
«Қатты нөсер, бұршақ»: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Istock

9-10 мамырда  Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Бұл туралы ТЖМ өкілдері мәлім етті.

«Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары