Талғат Орынбасар мен Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде финалға жолдама алды.
Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық дзюдо турнирінде Талғат Орынбасар 60 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алды.
Жартылай финалда ол отандасы Аман Бақытжанды жеңіп, алғаш рет Grand Slam турнирінің финалына шықты.
Ал Ғұсман Қырғызбаев 66 келіде қытай спортшысы Сюэ Цзыянды жеңіп, финалға жолдама шықты.
Айта кнтейік, финалдық белдесулерді сағат 17:00-де «Qazsport» телеарнасынан көре аласыздар.