Елордада 8 мамырда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысқан жеке құрам мен әскери техниканы тұрақты орналасқан жеріне әкету іс-шарасы басталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әскери техника теміржол көлігімен де, өзін жүргізу арқылы да тасымалданады. Іс-шара 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады», - деп жазылған хабарламада.