Билл Гейтс Илон Маскты "кедей балалардың өліміне себепкер болды" деп айыптады

/
Билл Гейтс Илон Маскты "кедей балалардың өліміне себепкер болды" деп айыптады
сурет: Reuters

Microsoft компаниясының негізін қалаушысы, филантроп Билл Гейтс Tesla-ның бас директоры Илон Маскты АҚШ-тың басқа елдердің дамуына көмектесу үшін бөлетін қаражатына байланысты қате шешім қабылдағаны үшін сынға алды. Бұл туралы Financial Times жазды.

Оның айтуынша, Маск мұндай әрекетке надандықпен барған және бұл "әлемнің ең кедей балаларына" кесірін тигізген.

Гейтстің пікірінше, АҚШ-тың көмек беруді қысқартуы – адамзаттың әлсіз топтарына қолдау көрсету саласындағы үлкен қателік. Ол Маскты осы қысқартуларға жанама түрде ықпал етті деп айыптады.

Илон Маск әзірге бұл айыптауларға жауап берген жоқ.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары