Қарағанды облысындағы бес су қоймасы 100 пайыз толды

/
Қарағанды облысындағы бес су қоймасы 100 пайыз толды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысындағы Ынтымақ, Жартас, Жезді, Ащысу және Шоқай су қоймалары 100 пайыз толды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ал Самарқанд су қоймасы 87 пайызға толтырылды. 

Өңірдің су қоймалары 328 млн текше метр су жинады. Қазіргі уақытта «ҚазСуШар» Қарағанды филиалы суару кезеңіне дайындалуда. Су беруге өтінімдер жинау және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен шарттар жасасу жүргізілуде. Каналдарды тазалау, суды есептеу аспаптарын орнату және гидробекеттерді тексеру жүргізіледі.

«Қарағанды филиалы нысандарындағы көктемгі су тасқыны штаттық режимде өтті. Су тасқыны кезеңі келеңсіздіктерсіз өтті, бұл алдын ала жүргізілген дайындық шараларының нәтижесі», – деп атап өтті «ҚазСуШар» РМК Қарағанды филиалы директорының міндетін атқарушы Мүслім Аққожин.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары