Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қазақстандық Рай Сейтжанов 25 мамыр күні шаршы алаңға қайта оралады, деп хабарлайды turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы BoxRec порталы мәлімдеді. Бокс кеші Ұлыбритания астанасы Лондонда өтеді. Бұл Сейтжановтың ТМД елдерінен тыс алғашқы жекпе-жегі болмақ. Турнирді DAZN стриминг платформасы тікелей эфирде көрсетеді. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.
Еске салайық, Рай Сейтжанов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында Мәскеуде өткен «РЕН ТВ жекпе-жек клубы» турнирінде жұдырықтасқан болатын. Ол кезде отандасымыз ресейлік Вадим Мусаевтан (12-0, 8 KO) техникалық нокаутпен жеңіліп, кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.