1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Республиканың әрбір төртінші тұрғыны әскерге аттанды. Майдан даласында атылған әрбір тоғызыншы оқ Қазақстанда құйылды. Қазақстанға 220-дан астам фабрика мен зауыт көшірілді.
500-ден аса отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағын алды Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бекітілген «Халық қаһарманы» атағымен 12 соғыс ардагері наградталды. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің үш дәрежесіне халқымыздың біртуар батырлары – Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру туралы заңға қол қойды. Бұл – ерліктің символына айналған батырлар есімін ұлықтаудың жарқын мысалы. 110 қазақстандық «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды.