Танымал әнші Роза Әлқожа көп уақыттан бері денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі желі қолданушыларына ұзақ уақыт бойы жөтелмен күресіп жүргенін бөлісті.
«Қайырлы кеш! Бұлай ұзақ ауырып көрмеппін. Бір айға созылған фарингит (кетпейтін жөтел) екен. Бәрін қойып, ем-домға кірістік. Дәрігер бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ деді… Қалай сөйлеспей жүресің?!. Сіздерде де алыс туысқаның келіп, кете алмай қалғандай қимай жүрген жөтел бар ма?! Это геноцид! Басқа түк те емес, қайталап айтамын», - деді әнші.
Желі қолданушылары әншіге жылы лебіздерін білдіріп жатты.
«Тез сауығып кетіңіз, апатай», «Алла шипасын берсін», «Ем болсын айналайын алтын қыз», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Роза Әлқожадан көңілі қалған көрермен ренішін айтқан болатын.