Астана мен Алматыда мереке күндері ауа-райы қандай болады?

/
Астана мен Алматыда мереке күндері ауа-райы қандай болады?
istockphoto.com

Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа температурасы +33 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанадағы ауа-райы

7 мамырда ауа-райы жауын-шашынсыз, құбылмалы болады. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +26+28 градус болады.

8 мамырда ауа-райы жауын-шашынсыз, құбылмалы болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +28+30 градус болады.

9 мамырда ауа-райы құбылмалы болады. Арасында жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +25+27 градус болады.

Алматыдағы ауа-райы

7 мамырда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +29+31 градус болады.

8 мамырда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз + 31+33 градус болады.

9 мамырда ауа-райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +28+30 градус болады. Жаңбыр жаууы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары