Алматыдан 544 км қашықтықта жер сілкінісі болды

/
Алматыдан 544 км қашықтықта жер сілкінісі болды
istockphoto.com

 6 мамыр күні сағат 13:08 минут 28 секундта ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. 

Жер сілкінісінің координаттары: 39.131 с.е., 73.309 ш.б.

Тәжікстан мен Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша 13:08-де Ош қаласынан 134 км қашықтықта тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 544 км жерде орналасқан. Қырғызстан аумағында оның магнитудасы 4,9 болды.

Жер сілкінісінің тереңдігі өте таяз,  алты километр. Алдын ала мәліметтер бойынша, жер сілкінісі сезілмеген. 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары