Елордада тоғыз автобустың қозғалыс схемасына уақытша өзгерту енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
№ 8, 9, 13, 55А, 55Б, 22, 22А, 40, 72 автобустардың бағыты өзгереді.
Астана тұрғындары мен қонақтары, жолаушылары маршруттардың өзгерістерімен ертерек танысып, жүрер бағытын жоспарлағаны жөн.
Өзгерген маршрут бағыттарын CTS ресурстары мен жолаушыларға арналған мобильді қосымшалардан көруге болады.