Елімізде тағы бір жол ақылы болмақ

/
Елімізде тағы бір жол ақылы болмақ
t.meqazavtojol

Көлік министрлігі  "Шу – Бурылбайтал Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" 2025 жылғы 22 сәуірдегі бұйрықты бекітті, деп хабарлады turkystan.kz.

Құжатта Шу – Бурылбайтал II санатты республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы Мерке – Шу – Бурылбайтал автомобиль жолы ақылы негізде пайдаланылатындығы атап өтілді.

Мұнымен қоса, өткел баламалы жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: "Шу – Қайнар – Кенен – Қарабастау – Каншенгель – Ақсуйек – Бурылбайтал" автомобиль жолы.

Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 92+200 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 268+000 км.

Ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 175 км 800 метр. Автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені, бір жолақ – кемінде 3,75 метр.

Учаскені ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл.

Бір бағыттағы жол жүру ақысы (АЕК – 2025 жылы 3932 теңге):

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары