«Киелі мекен» экологиялық акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды

«Киелі мекен» экологиялық акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экологиялық акция Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және оларға іргелес елді мекендерде өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Акция 4 ЕҚТА – «Қарқаралы», «Көкшетау», «Баянауыл», «Ұлытау» ұлттық парктерін қамтыды.

Ұлттық парк қызметкерлері жергілікті тұрғындармен және еріктілермен бірлесіп 12 тоннадан астам қоқыс жинады. Бұл құрғаған бұталар, қыс мезгілінен кейін құлаған ағаштар, тұрмыстық қоқыстар, жапырақтар мен балшық шөгінділері. Іс-шараға 250-ден астам адам қатысты.

Мұндай акциялар бірегей экожүйелерді сақтауға және ЕҚТА-да қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған.

Еске сала кетейік, «Киелі мекен» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде. Іс – шаралардың негізгі бағыттары - аумақтарды абаттандыру, жасыл аймақтарды ұлғайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары