Жамбыл облысында жеңіл көлік жүк пойызына соқтығысты, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Оқиға бүгін, 4 мамыр күні сағат 11:25 Бурыл станциясының жеке кірме жолының жеке қиылысында, "Тараз-Жаңатас" учаскесінде болған.
"Мерседес" жеңіл көлігінің жүргізушісі темір жол өткелінен өту ережесін бұзып, жүк пойызының вагондарымен соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
ҚТЖ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.