Жыл соңына дейін 20 жаңа өрт сөндіру депосы қолданысқа беріледі

Жыл соңына дейін 20 жаңа өрт сөндіру депосы қолданысқа беріледі
gov.kz

Төтенше жағдай министрлігі еліміздегі өрт сөндіру деполары желісін кеңейту бойынша ауқымды бағдарламаны белсенді іске асыруда.

Министрдің басым бастамасы аясында ағымдағы жылдың соңына дейін 20 жаңа нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл шаралар өрт қауіпсіздігі деңгейін және төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігін арттыруға бағытталған.

Бүгінде ел аумағында Министрліктің қарамағындағы 436 өрт сөндіру депосы жұмыс істейді. Алайда, аумақтарды толығымен жабу және тиімді әрекет ету үшін қосымша 119 депо қажет.

 Өткен жылы республика бойынша Астана, Алматы, Шымент қалаларында және Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе облыстарында 10 өрт сөндіру бөлімшесі құрылды. 

 Астанада орналасқан өрт сөндіру депосының ерекше маңызға ие екенін атап өткен жөн — бұл нысан Ведомство басшысының бастамасымен жаңа құрылыс үлгісі бойынша, тез тұрғызылатын модульдік технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырылған алғашқы жобалардың бірі болып табылады. Бұл құрылыс мерзімін айтарлықтай қысқартуға ғана емес, сонымен қатар жеке құрам үшін заманауи жабдықталған және жайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Депо ішінде барлық қажетті бөлмелер қарастырылған: жұмыс кабинеттері, диспетчерлік, оқу сыныбы, демалыс бөлмесі және ас үй.

Өрт сөндірушілердің қызмет атқаруына, дайындық жүргізуіне және тынығуына толықтай қолайлы жағдай жасалып жатыр. Осындай заманауи өрт сөндіру деполары алдағы уақытта еліміздің өзге қалаларында да салынатын болады. Бұл бүкіл ел аумағында өртке қарсы қызметтің дайындық деңгейін және тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайларын жасауға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Бұл министрліктің жүйелі жұмысының және басшылық қойған міндеттерді дәйекті іске асырудың нәтижесі.

Төтенше жағдайлар министрі ден қою инфрақұрылымын дамыту негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Жаңа депо құру тек ғимараттар салу емес. Бұл адамдардың қауіпсіздігіне, әрекет ету уақытын қысқартуға, азаматтарымыздың өмірі мен мүлкін қорғауға салынған инвестициялар. Бұл аумақтардың төтенше жағдайларға тұрақтылығын едәуір арттыруға және ел өңірлерінде өрттен қорғаудың неғұрлым сенімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары