Оралда студентті тонаған 21 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Орал қаласында полиция қызметкерлері студентті қорқытып ақшасын иемденген 21 жастағы азаматты ұстады. Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің телефоны арқылы банктің мобильді қосымшасынан өзіне ақша аударып алғаны анықталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігімен («Тонау») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ ұсталған азаматтың бұған дейін де әртүрлі қылмыстар үшін сотты болғаны белгілі болды. Заңнамаға сәйкес мұндай әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны көздейді.
Полиция кісі тонаумен айналысқан жігітті қалай ұстағандарын көрсетті
