Батыс Қазақстан облысында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тасқала ауданында жергілікті тұрғынның үйінен 12 түп қара-жасыл түсті өсімдіктер табылды. Кейбір өсімдіктердің биіктігі 1 метрге дейін жеткен. Ол өсімдіктерді өсіру үшін арнайы бөлмені фитозертханаға айналдырған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кету керек, 2025 жылдың алғашқы төрт айында БҚО полицейлері есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 6 фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 18 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 15 келі 893 гр. марихуана, 759,27 гр. синтетикалық есірткі, 28,69 гр. гашиш және 1 747 гр. каннабис өсімдігі бар.