Әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеннің концертіне алаяқтар жалған билеттер сатқаны анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Dimash.news сайтының ақпаратынша, әншінің Лондон мен Ригадағы концерттеріне жалған билеттерді сататын алаяқтар жасаған сайт пайда болған.
Билеттерді тек билет операторының mticket.com ресми сайтынан сатып алуға болады.
«Барлық басқа платформалар арқылы алынған билеттер ресми емес және концертке жарамсыз болып саналады», - делінген хабарламада.