Шығыс Қазақстанда шенеуніктер инвесторға жер бермеген

/
Шығыс Қазақстанда шенеуніктер инвесторға жер бермеген

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы марал, ірі және ұсақ қара мал өсіру бойынша инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «ALMAS UK» ЖШС-ның проблемасын шешті, деп хабарлайды turkystan.kz.  

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті компанияға жер учаскелерін беруден негізсіз бас тартқан. 

Мәселенің туындау себебі – өтінім мен жер заңнамасының нормаларын дұрыс түсіндірмеу.

 Инвестор жерді жалға алуға өтінім берген, алайда Комитет оны қате түрде жеке меншікке беру туралы өтінім ретінде қарап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беруге тыйым салынғанын алға тартып, бас тартқан.

 Прокуратура араласқаннан кейін кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оған 3,2 мың гектар жер учаскесі жалға берілді. 

Бұл инвесторға 500 миллион теңгеден астам қаржы құюға және 30 астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары