Оралда тоқ соққан 9 жастағы бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 1 мамырдан 2-сіне қараған түні көз жұмды.
Аталған қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.
«Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, Оралда 9 жастағы баланы тоқ соғып, денесінің 95 пайызы күйіп қалғаны туралы жазған болатынбыз.