«Жалға алушы көз жұмған»: Пәтер иесі қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін сотталды

/
«Жалға алушы көз жұмған»: Пәтер иесі қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін сотталды
istockphoto.com

Шымкентте алғаш рет пәтерді жалға берген иесі қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Пәтер иесі газ қызметімен келіспей, газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берген.

Нәтижесінде пәтерде газ ағып, пәтерді жалға алған азамат көмірқышқыл газына уланып, көз жұмған.

2025 жылдың 18 сәуірінде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматшаны ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы («Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу») бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.

Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті бар екенін айқындады. Жауапсыздық ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке алып соғуы мүмкін.

Қалалық прокуратура заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді!

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары