Homay әнімен танылған Ay Yola тобы Алматыда өнер көрсетеді (ВИДЕО)

/
Homay әнімен танылған Ay Yola тобы Алматыда өнер көрсетеді (ВИДЕО)
Коллаж: Turkystan.kz

Homay әнімен танымал болған башқұрттың Ay Yola тобы Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған кеште өнер көрсетеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы олар топтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.

Концерт Республика сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді.

Айта кетейік, сондай-ақ кеште танымал әнші Айқын Төлепберген, Бүркіт, Марсель, Думан Марат және Мархаба Сәби шығады. Көрермендерді қызықты шоу-бағдарлама, жанды дыбыс және жарқын атмосфера күтеді. 

Басталуы – 19:00. Кіру тегін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары