Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары: Байқауға өтініш беру басталады

/
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары: Байқауға өтініш беру басталады
Akorda

Биыл жылдағы дәстүрге сәйкес Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары, сондай-ақ Алғысы беріледі. Байқауға өтінішті 2 мамырдан бастап беруге болады. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

Байқауға қатысу үшін ұсынымдар 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 10 маусымға дейін қабылданады. Айта кетерлігі, үміткерлер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады.

Конкурсқа 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Қосымша мәліметтер Ақорданың ресми сайтына 2 мамыр күні жарияланады, – деп жазды Р. Желдібай.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары