Алаяқ Қызылорда тұрғынының 500 мың теңгесін қолды еткен

/
Алаяқ Қызылорда тұрғынының 500 мың теңгесін қолды еткен

Бойқоңыр қаласында талапкер жауапкерден 500 мың теңге өндіруді сұрап, сотқа жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талапкер интернеттегі белгісіз тұлғаның үгіттеуі арқылы өз атына несие алып, оны соның атына аударып жіберген. Алайда араларында қандай да бір азаматтық-құқықтық қатынастар болмаған.

Сотта жауапкер өзінің де интернет-алаяқтықтың құрбаны болғанын, ақшаны пайдаланбағанын, сілтемеге өту арқылы банк қосымшасы бойынша бірнеше рет ақша алғанын, талап қоюшымен таныс еместігін, шарттық қарым-қатынаста болмағанын айтып, кінәсін мойындамаған.

Сот іс құжаттарын зерделей келе, талап арызды қанағаттандырып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 500 000 тенге, баж салығы мен сот шығындарын өндіру туралы шешім шығарды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары