Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы ұлдар 8-сыныпта оқитын қызды зорлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Бұл оқиғаны аудандық білім бөлімі растаған.
«Шиелі ауданына қарасты білім ордасында 8-сынып оқушысын мектеп оқушылары зорлапты деген сыбыс шықты, рас па? Қай мектеп?», - деп жазған аудандағы ата-ананың бірі.
Осы постқа жауап берген Шиелі аудандық полиция бөлімі оқиға болғанын растаған.
«Орын алған жағдайға байланысты тергеу құпиясы мен кәмелет жасына толмаған жас қыздың болашағына алаңдағандықтан, оқиғаның қай мектепте орын алғандығы жариялауға жатпайдығын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу жүріп жатыр, кінәлі деп табылған адамдар заң аясында жауапқа тартылатындығын хабарлаймыз», - деп жазған білім басқармасы.