Екі күнде екі алтын: Гимнасшы Милад Карими Каирдегі жарыста тағы жеңімпаз атанды

/
Екі күнде екі алтын: Гимнасшы Милад Карими Каирдегі жарыста тағы жеңімпаз атанды
Сурет: ҰОК

Қазақстандық гимнастшы Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің екінші финалында да жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ҰОК жариялады.

Карими кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады.

Мариос Георгиу (Кипр) 14,066 ұпаймен екінші орынды иеленсе, ал Ноэ Сейферт (Швейцария) 13,866 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль алған еді.

Жалпы, оның қоржынында Әлем кубогында жеңіп алған алты алтын медаль бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары