«Титаник» кемесінде болған апаттан тірі қалған жолаушының хаты аукционда 300 мың стерлингке (205 млн теңге) сатылды, деп хабарлайды turkystan.kz The Guardian-ге сілтеме жасап.
Бұл хатты бірінші класс жолаушысы болған полковник Арчибальд Грейси 1912 жылғы 10 сәуірде жазған. Дәл сол күні «Титаник» жолаушылары сапарға шыққан.
Грейси бақса жолаушылар әйгілі кеменің ауқымына таңғалысын жасырмай жатқан уақытта
«Бұл – керемет кеме, алайда мен сапардың аяқталғанын күтемін, сосын ғана өз бағамды беремін», – деп хат жазған.
Henry Aldridge and Son of Devizes аукционын ұйымдастырушылар бастапқы бағасынан бес есеге қымбатқа сатылғанын айтады.
Апаттан аман қалған хат иесі Грейси кейін «Титаник туралы бүкіл шындық» атты кітап жазған.