Белгілі бизнесмен Қанат Көпбаев журналист Айкерім Есенәліге берген сұхбатында ер азаматтың жетістікке жетуі әйелге байланысты екенін айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Ер адам жетістікке жету үшін әйелі не істеу керек?» деген журналистің сұрағына Қанат Шоқанұлы қызықты жауап берген.
«Ол көмекші де, психолог та, тыңдаушы да бола білуі керек. Отбасында жылуды сақтап, балаларға қарай білуі керек. Біз сыртқа кеткенде үйде бір жағдай болса, елеңдеп отырмау үшін олар тыл болуы керек. Ал келіншегін үйден шығармайтын кейбір ер азаматтардың бұл ісі дұрыс емес, менің әйелім, мысалы, менімен іссапарға барады. Балалар мен әйелімде бірге алып жүремін, бірге уақыт өткізіп, барлығын үйлестіре білу керек», - деді бизнесмен.
Айта кетейік, Қанат Көпбаев Forbes.kz нұсқасы бойынша табысты кәсіпкерлердің тізімінде 21 позицияда тұрған кәсіпкер. Сұхбатта әйелдердің бизнестегі мүмкіндіктері, өз жарымен қарым-қатынастары, балаларға қалдыратын мұра мен тәрбие туралы да айтқан.