Белгілі бизнесмен Қанат Көпбаев журналист Айкерім Есенәліге берген сұхбатында әйелдердің үлкен табысты бизнесте аз болуының неігзгі себебі менталитетте екенін айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Біздің заманда, қатарластарымыздың арасында бизнестегі әйелдердің аз болуының бір себебі ол кездегі түсініктер себеп болды. Бұрын әйелдер жоғары білім алса, жақсы күйеуге шықса болды дейтін едік. Қазір олай емес, әйелдер де ер адамдармен бірдей білімді, бизнесте қабілетті» - деді бизнесмен.
Кәсіпкер қыздарының бизнеске араласып, өзін дамытқанын қалайтынын айта кетті. Сұхбат барысында YPO халықаралық ұйымында 50 қазақстандық кәсіпкер болса, оның тек төртеуі арулар екені айтылды. YPO (Young Presidents Organisation) – әлемнің 142 мемлекетінен 30мыңнан астам компания иегерлері мүшелік ететін жабық ұйым.
Айта кетейік, Қанат Көпбаев Forbes.kz нұсқасы бойынша табысты кәсіпкерлердің тізімінде 21 позицияда тұрған кәсіпкер. Сұхбатта әйелдердің бизнестегі мүмкіндіктері, өз жарымен қарым-қатынастары, балаларға қалдыратын мұра мен тәрбие туралы айта кетті.