Желшешек (ветрянка) ересектер үшін балаларға қарағанда әлдеқайда ауыр өтеді. Бұл ауруды Varicella-Zoster вирусы тудырады. Көбіне балаларда жеңіл өтсе, ересектерде асқыну қаупі жоғары болады.
Бастапқы белгілерінде дене қызуы 38–39°С немесе одан да жоғары болады. Бас ауруы, әлсіздік, дене сырқырауы сезіледі. Тәбет жоғалып, ұйқысыздық пайда болады. Кейін 1-2 күннен кейін бөртпелер (қызыл дақ, көпіршік түрінде) пайда болады.
Бөртпелер бетте, бас терісінде, денеде, қол-аяқта шығады. Көпіршіктер қышиды, жарылып, орнына қыртыс (қабыршақ) түседі. Жаңа бөртпелер 5–7 күн ішінде шыға беруі мүмкін.
Орта есеппен 10-14 күнге дейін созылады. Қызу 4-6 күн сақталуы мүмкін. Аурудың жеңіл немесе ауыр өтуі адамның иммунитет ерекшелігіне байланысты.
Емделу кезінде сұйықтық тағамды көп ішу керек. Қызуды түсіретін дәрілер (парацетамол, ибупрофен – бірақ аспирин ішуге болмайды!) қолдануға болады.
Егер ересек адамда белгілері басталса – дәрігерге міндетті түрде көріну қажет, өйткені үй жағдайында бақылау қиынға соғуы мүмкін.