Көкшетауда психотроптық заттарды сатқан азамат 7 жылға қамалды

/
Көкшетауда психотроптық заттарды сатқан азамат 7 жылға қамалды
istockphoto.com

Көкшетау тұрғыны бірнеше адаммен алдын-ала келісіп, аса ірі мөлшерде тыйым салынған психотроптық заттарды таратқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта оның мобильді қосымша арқылы психотроптық заттардың кепілгері болғаны анықталды.

Ұсталған кезінде одан куратормен жазысқан хаттары, психотроптық заттың орналасқан жерлердің фотосуреттері, бағдарлар мен координаттар көрсетілген ұялы телефоны және психотроптық заттың 6 орамы тәркіленген.   

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.   

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары