Қазір экологияның сақталуы мен табиғаттың таза болуы адамзат өмірінің маңызды аспектілерінің бірі болып отыр. Әсіресе, жағалаулардың тазалығы – тек табиғи байлықты қорғау ғана емес, сонымен қатар халықтың денсаулығын сақтау мен туризм саласының дамуына оң ықпал етеді. Таза жағалау – бұл таза қоршаған орта, көптеген адам үшін демалыс орны, сондай-ақ экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңызды элементі. Осы орайда жағалауларды тазалау жұмыстарының маңызы ерекше.
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты биыл сәуірде «Таза Қазақстан» экологиялық акция шеңберінде, «Парктер шеруі-2025» табиғат қорғау акциясы аясында Қарой ауылдық округіне қарасты мекемелер мен ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, Нарын өзенінің жағалауларын тазалау мақсатында «Таза жағалау» атты тазалық іс-шарасын өткізді.
«Таза жағалау» акциясы Қарой ауылдық округінің экологиялық мәдениетін дамытудың маңызды қадамы болды. Тазалық жұмысының нәтижесінде Нарын өзенінің жағалауы тұрмыстық қалдықтар мен пластиктерден, табиғатқа зиян келтіретін түрлі материалдардан тазартылып, табиғи ландшафт қалпына келтірілді. Іс-шараға 90 адам атсалысып, 2,5 тонна қоқыс жиналып, полигонға жіберілді.
Гүлназ ҚЫСТАУБАЕВА,
Алматы облысы «Іле-Балқаш» мемлекеттік
табиғи резерватының
«Экологиялық ағарту,
рекреация және туризм» бөлімінің басшысы