Қоғам дерті

Қоғам дерті
сурет: istockphoto.com

Жақында «Апаттар медицинасы орталығының» Қызылорда облыстық филиалы «Суицид – қоғам дерті» тақырыбында «Шиелі», «Әйтеке би», «Жосалы» трассалық медициналық құтқару пункттерінің қызметкерлеріне семинар ұйымдастырды.

Іс-шараға облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-дәрігері Мұрат Шаумбасов және облыстық Дін істері басқармасының аға маманы Олжас Нарымбетов қатысып, дәріс оқып, тақырыпқа сәйкес сұрақтарға мазмұнды жауап берді.

Іс-шара барысында суицидтік мінез-құлықтың белгілері мен кезеңдері, алдын алу жолдары мен қолдау көрсету тәсілдері талқыланды. Мұндай семинарлардың маңызы зор. Өйткені халықты ақпараттандыру – суицидтік мінез-құлықты алдын алу жолдарының бірі. Ал қоғамдық қолдау – өмірге қайта сенім ұялататын маңызды күш. 
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары