“AMANAT” партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Оразбекұлы Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында ел бірлігі, экология және тарихи жады туралы маңызды ой айтқанын баса айтты.
"Бүгін Мемлекет Басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында ел бірлігі, экология және тарихи жады туралы терең әрі маңызды ой айтты. Бұл – жай ғана саяси мәлімдеме емес, ел болашағына бағытталған нақты бағдар.
Президент елімізде этностық, тілдік немесе діни кемсітушілікке жол берілмейтінін атап өтті. Бұл – біздің күнделікті өмірімізде көрініс тапқан шындық. Қазақстанның бірегей үлгісі – әртүрлілікті теңдікпен ұштастыра отырып, ортақ құндылықтарды қалыптастыру. Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас құралына айналуы – әділетті қоғамның кепілі.
«Таза Қазақстан» бастамасы – тек экологиялық емес, рухани тазалықтың да көрінісі. Миллиондардың қатысуымен жүзеге асқан бұл жоба – елін сүйетін жаңа ұрпақты тәрбиелеудің жарқын мысалы. Тазалық – ішкі мәдениет пен ниеттің тазалығы.
Сондай-ақ, Ұлы Жеңіс туралы айтылған сөздер терең тебіреніспен айтылды. Батырлардың есімін ұлықтау – бұл тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, өткенге тағзым мен болашаққа бағдар.
Ассамблея – халық пен мемлекетті байланыстыратын маңызды институт. Бүгінгі сессия – бірлік, тазалық пен жады секілді құндылықтардың маңызын тағы да айқындады. Болашақ – осы негізде қалыптасады", – деді Н.Оразбекұлы.