«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясынан 700 млн теңге айыппұл өндірілді

/
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясынан 700 млн теңге айыппұл өндірілді
istockphoto.com

Айыппұл қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін салынған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» АҚ (бұдан әрі - Компания) жұмысын тексеріп, қоршаған ортаға нормативтен тыс ластаушы заттар мен төгінділер шығарылғанын, жалпы көлемі 264 тонна болатынын анықтаған.

Осыған байланысты қадағалау актісі бойынша Компания ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу).

Жалпы сомасы 739 568 808 теңгеге айыппұлдар толығымен өндірілді.

Бөлісу: