2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс оқиғасы болды. Осыған байланысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген департамент таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылғаны туралы жазған едік.