Бір жылда 80 рет хабарласқан: Ауыл тұрғыны өрт сөндірушілермен кездесу үшін өз үйін өртеген

Бір жылда 80 рет хабарласқан: Ауыл тұрғыны өрт сөндірушілермен кездесу үшін өз үйін өртеген
istockphoto.com

Ұлыбританияның Стейкфорд ауылында тұратын 26 жастағы британдық Жеймс Браун өрт сөндірушілермен кездесу үшін өз үйін екі рет өртеген, деп хабарлайды turkystan.kz Daily Star-ға сілтеме жасап.

Браунның ісі сотқа дейін жеткен. Процес кезінде оның бала кезінен өрт сөндіру қызметіне қатты қызығатыны анықталған.

Ол бір жылда өрт сөндіру қызметіне 80 рет хабарласқан. Мұнымен қоймай, өрт сөндіру қызметкерлерімен жеке танысқысы келген. 2023 жылғы қыркүйекте үйіндегі қалқанды өртеп, өрт сөндіру қызметіне жүгінген. Олар оның үйіне келіп, өртті өшіріп, сонымен қатар жарықты да өшіріп кеткен.

Алайда жарты сағаттан соң ол өрт сөндіру қызметіне тағы хабарласып, әлгі орында қайтадан өрт шыққанын айтып, оларды қайта шақырған. Жарты сағат бұрын келген қызметкерлер расында өрт шыққанын көрген, алайда олар жарықты өшіріп кеткендіктен, үй иесін қасақана істеді деп күдіктенген.

Сот процесі кезінде Браунның өрт сөндірушілердің келгенін видеоға түсіргені белгілі болды. Полицейлер өртті қолдан жасағаны туралы мәлімдеп, 8 айға шартты түрде бас бостандығын шектеді әрі 150 сағаттық ақы төленбейтін жұмыс істеуге міндеттеді. Сонымен қатар, жуырда оған аутизм диагнозы қойылғаны анықталды.

Бөлісу: