Мемлекет алдында 10 млн теңге қарызы бар азаматтың көлігі тәркіленді

/
Мемлекет алдында 10 млн теңге қарызы бар азаматтың көлігі тәркіленді
Абай облысының Полиция департаменті

Абай облысында 10 миллион қарызы бар борышкердің көлігі ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Toyota Camry маркалы автокөлікті тоқтатып, арнайы айыптұрағына жеткізді.

Ұсталған көлік жекеменшік сот орындаушысының қаулысына сәйкес тоқтатылған. Ресми мәліметке сәйкес, көлік иесінің мемлекет алдындағы берешегі 10 миллион теңгеден асады.

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот актілерінің орындалмауына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған.

Бөлісу: