Қазақстандық балуан шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

/
Қазақстандық балуан шаңырақ көтерді (ВИДЕО)
скриншот

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан үйленді. Спортшының тойы Астана қаласында өтті.

Бұл туралы тойға қонақ болып барған блогер Иван Червинский Instagram желісіндегі парақшасында салтанатты кештен видео жариялап, мәлім етті.

«Бүгін әлемнің үздік бапкерлерінің бірі және ата-анасы, әлем чемпионын тәрбиелеп өсірген Қанат Жолдасбаев үлкен той жасады. Ол ұлын – танымал спортшы ғана емес, кең пейілді нағыз интеллигент Ризабек Айтмұханды үйлендірді.

Астанадағы салтанатты мерекеде Қазақстан мен әлемнің спорт жұлдыздарының ортасында мен де болдым, той өте әсерлі өтті.

Әрине, тойдың басты себебі Солтүстік Қазақстан облысы Қызылту ауылының тумасы, Қазақстанның еркін күрес шебері, талантты балуан Ризабек Қанатұлы. Ол Қазақстан тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы.

Сондықтан мен біздің Ризабектің өміріндегі тағы бір тарихи сәтке куә болғаныма қуаныштымын. Енді оның жауапкершілігі одан сайын артады. Ризабек пен оның қалыңдығына бақыт, денсаулық, бақ-береке тілеймін», - деп жазды блогер Иван Червинский желіге жариялаған бейнежазба сипаттамасында.

Бөлісу: