Алматыда 3 қаржы пирамиданың қызметі тоқтатылды

/
Алматыда 3 қаржы пирамиданың қызметі тоқтатылды
ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржы пирамидаларының қызметін тоқтатты, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұйымдастырушылар салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алу деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген.

«Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңгені құрады, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды.

 Мысалы, «Warner Bros» жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін «есептелетін» сыйақылар алған.

Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды.

 Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы.

Бөлісу: