Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ресми сапар 26-27 сәуір күндеріне жоспарланған.
Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.
27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия – Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді.