Әлеуметтік порталдың тиімділігі

Әлеуметтік порталдың тиімділігі
сурет: istockphoto.com

Биыл жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 211,6 мың тапсырысы орындалған. Оның ішінде: шамамен 167,8 мың  адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 7,7 мың адам – ымдау тілі қызметін, 24,4 мың адам – жеке көмекшінің, 11,7 мың адам – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алған.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құрал­дары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таң­дауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қыз­метті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқы­лы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалту техника құрал­дарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарына протездік-ор­топедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және ги­гиеналық құрал­дар, сондай-ақ кресло-арбалар жатады. 
Бүгінде порталда 703 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 979 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 759 ымдау тілі жә­не 129 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды байланыс ор­та­лығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары