сенбі, 19 сәуір, 2025

Ақмолада ұйымдасқан алаяқтар 450 адамның атына 5 млрд теңге несие рәсімдеген

/
istockphoto.com

Өткен жылдың сәуір айында Ақмола облысының Зеренді ауданының тұрғындарының атына ақшалай несие рәсімдеу фактісі анықталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нәтижесінде 2024 жылдың қараша айында алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, оның мүшелері алдау арқылы екінші деңгейлі банктерден ақша қаражаттарын жымқырғаны әшкерленді.  

Топ мүшелерінің әрбір қатысушының рөлдері, міндеттері және әрекеттері нақты бөлінген.

Алаяқтар 450 адамның атына 5 млрд теңге шамасында заңсыз несие рәсімдеген.  

Бір емес, бірнеше облыстың тұрғындары алаяқтардың құрбанына айналған.  

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша 24 тұлға күдікті деп танылып, оның 15-і соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары