Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға, оның ішінде үйде оқытуға жұмсалатын шығыстарының өтелуіне құқығы бар, деп жазады turkystan.kz.
Балқаш қаласында үйде оқитын 38 мүгедек баланың 14-інің ата-анасы тиісті жәрдемақы алмайтыны анықталды.
Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша мұндай өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды (айына 13106 теңге). Төлемдер тоқсан сайын жүргізіледі.
Бұзушылықтарға білім беру ұйымдарының ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар етпеуі себеп болған.
Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура Балқаш қаласының білім басқармасына ұсыным енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде балаларға тиісті төлемдер тағайындалды.