сенбі, 19 сәуір, 2025

Елімізде инфляция күшейді

/
istockphoto.com

Наурызда елде жылдық инфляция үдеп (ақпанда – 9,4%), 10% болды. Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеп, 4 өңірде баяулады.   

Ең жоғары өсім Астанада тіркелді. Елордада жылдық инфляция 13,3%-ға жетті, бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Қандай өзгеріс бар?

Азық-түлік бағасының ең жоғары өсімі – Ақмола облысында, ал ең төменгі өсім  Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында байқалды.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша жоғары өсім – Түркістан облысында, ал ең төменгісі Алматы облысында тіркелді.

Ақылы қызмет бағасы ең қатты қымбаттаған өңір – Батыс Қазақстан облысы, ал ең аз қымбаттаған өңір Павлодар облысы болды.

Еске сала кетейік, Ұлттық Банк қазіргі экономикалық жағдай мен инфляция тәуекелдеріне байланысты базалық ставканы 16,50% деңгейінде қалдырған болатын.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары